"Найзағай ойнап, жаңбыр жауады". Еліміз бойынша 31 тамызға арналған ауа райы болжамы

0
701


ERNUR.KZ. "Қазгидромет" РМК 2024 жылы 31 тамызда, сенбіде Қазақстан аумағында ауа райы қандай болатынын болжады, деп жазады Zakon.kz.




Синоптиктердің мәліметінше, атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты Қазақстан аумағының басым бөлігінде ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады: найзағай ойнап, жаңбыр жауады.

"Республикамыздың батысы мен оңтүстік-шығысында антициклон сілемінің әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Жалпы, өңірлерде желдің екпін алуы жиі тіркеледі деп күтіледі. Солтүстік-батыста, солтүстікте және орталықта түнде және таңертең тұман болады деп болжанады", делінген хабарламада.

Абай, Ұлытау облыстарында, Батыс Қазақстан облысының батысында, Атырау өңірінің орталығында, оңтүстік-шығысында, солтүстік-шығысында, Маңғыстау облысының орталығында, Қызылорда облысының солтүстік-батысында, орталығында, Ақтөбе облысының оңтүстігінде, Алматы өңірінің батысында, солтүстігінде, орталығында, Шығыс Қазақстан облысының батысында, Қарағанды облысының батысында, шығысында, Жетісу облысының солтүстігінде, Қостанай өңірінің оңтүстігінде, Ақтөбе облысының батысында, орталығында өрт қаупі жоғары болады.

Қызылорда, Түркістан, Жамбыл, Атырау, Маңғыстау, Батыс Қазақстан облыстарында, Ұлытау облысының оңтүстігінде, Абай облысының батысында, солтүстік-батысында, оңтүстігінде, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.