Нәрестенің маңдайын тіліп, хиджама жасаған орталыққа әкімшілік айыппұл салынды - ДСМ өкілі

0
975

Әлеуметтік желіде нәрестеге хиджама жасаған бейнежазба таралып, халықтың ашуын туғызды.


Нәрестенің маңдайын тіліп, хиджама жасаған орталыққа әкімшілік айыппұл салынды - ДСМ өкілі

ERNUR.KZ. ҚР Денсаулық сақтау министрлігі медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті төрағасының міндетін атқарушы Лаура Ахметниязова ОКҚ брифингінде нәрестенің маңдайын ұстарамен тіліп, хиджама жасаған маманға қатысты тексеру қорытындысын жариялады, деп жазады stan.kz.

Лаура Ахметниязова бұл факт бойынша Атырау облысы прокуратурасының талабымен тексеру жүргізілгенін хабарлады.

"Тексеру қорытындысы бойынша бұл заңсыз медициналық қызмет екенін анықталды. Бұл әдісті-хиджаманы медбике лицензиясыз жүзеге асырды. Ол клиникалық қызметке кіру үшін міндетті сертификатты иеленбеген. Тексеру нәтижелері бойынша әкімшілік айыппұл салынды”, – деді Ахметниязова.

Материалдар прокуратураға, полиция департаментіне жіберілді, сонымен қатар, бұл материалдарды ювеналды полицияға жіберуді жоспарлануда.

Оның айтуынша, бұл әдіс – медициналық қызмет емес. Клиникада инвазивті араласу болып және оны медбике жүргізгендіктен, заңсыз медициналық қызметке айыппұл салынды.

"Аумақтық департамент мәселені пысықтап, орталықтың осы қызметіне тыйым салуға сот ісін жолдайды. Жалпы медициналық қызметтің барлық түрлері лицензияланады. Сондай-ақ, акупунктура, шөп медицинасы және басқаларын қоса алғанда, нақты көрсетілген дәстүрлі терапияны лицензиялау қарастырылған. Бұл тізімде хиджамалар жоқ, сондықтан оны бүгінде заңсыз әрекет деп түсіндіреміз, яғни хиджамға тыйым салынады", – деп түсіндірді ДСМ медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті төрағасының м.а.

Естеріңізге салсақ, әлеуметтік желіде нәрестеге хиджама жасаған бейнежазба таралып, халықтың ашуын туғызды. Осыдан кейін Ажар Ғиният хиджама орталықтарына тексеріс жүргізілетінін мәлімдеді. Кейін оған лицензия берілмейтіні анық болды.