​Нәрестесін пойыздан лақтырып жіберген әйелге мәжбүрлі ем тағайындалды

0
172

Жаңа туған нәрестені санитарлық шұңқырға тастап жіберген.


​Нәрестесін пойыздан лақтырып жіберген әйелге мәжбүрлі ем тағайындалды

Фото: Виктор Федюнин / Kazinform

ERNUR.KZ. Қарағанды көлік прокуратурасы «Қарағанды-Сұрыптау–Сарыбел» аралығында жолаушылар пойызында болған қайғылы оқиға бойынша сот тергеуін аяқтады, деп жазады inform.kz.

20 сәуірде пойыз жолаушыларының бірі толғағы келіп, вагонның санитарлық бөлмесінде босанып қалған. Босану медициналық мекемеден тыс және тиісті көмек көрсетілмей жүзеге асқан.

— Тергеу барысында анықталғандай, психикалық аурумен есепте тұрған әйел ауруының асқыну кезеңінде жаңа туған нәрестені санитарлық шұңқырға тастап жіберген. Сәби темір жол рельстеріне құлап, жарақат алған.
Қарағанды облысының Осакаров аудандық соты әйелді қылмыстық іс-әрекет жасаған сәтінде есі дұрыс емес болған деп танып, оны арнайы медициналық мекемеде мәжбүрлеп емдеу туралы қаулы шығарды, — делінген Бас прокуратура хабарламасында.
Сот актісі заңды күшіне енген жоқ.