ATB Asia’s Top Band байқауы – Азиядағы ең ірі музыкалық сайыстардың бірі.
Фото: acetagrammy/Instagram
ERNUR.KZ. 91 тобының белгілі мүшесі Азамат Ашмақын (сахнадағы лақап аты – Ase) Оңтүстік Кореяның Инчхон қаласында өткен ATB Asia’s Top Band халықаралық байқауында «Best Popular» номинациясын жеңіп алды, деп жазады azattyq-ruhy.kz.
Бұл марапат оның өнеріне халықаралық деңгейде жоғары баға берілгенін көрсетеді.
ATB Asia’s Top Band байқауы – Азиядағы ең ірі музыкалық сайыстардың бірі. Жыл сайын өтетін бұл шараға әлемнің түкпір-түкпірінен түрлі жанрда өнер көрсететін музыканттар қатысады. Биылғы байқауға да танымал әртістер мен жаңадан танылып келе жатқан дарындар қатысты.
Азамат Ашмақын – Q-pop жанрындағы отандық Ninety One тобыныңі мүшесі. Бұл топ қазақи музыканы жаңа бағытта танытып, заманауи стильде орындауымен ерекшеленеді. Топтың «Айыптама», «Қалай қарайсың?» сияқты хит әндері жастар арасында кең таралып, Қазақстан ғана емес, шетелде де үлкен танымалдылыққа ие болды.