Н.Назарбаев: Тапа тал түсте қалай ұрлық жасауға болады?

0
1 306

Бүгін Үкіметтің кеңейтілген мәжілісінде Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев еліміздің екінші деңгейлі банктердің мәселесіне қатысты пікір білдірді.


Н.Назарбаев: Тапа тал түсте қалай ұрлық жасауға болады?

Бүгін Үкіметтің кеңейтілген мәжілісінде Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев еліміздің екінші деңгейлі банктердің мәселесіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"Банк құрдық және енді оған адамдар, ұлттық компаниялар бара бастады. Акционерлер ол жақтан ақшаны шығарып жатыр. Ұлттық банк болса, мұны бақылап қана отыр. Бұған қалай жол беруге болады? Бізге қадағалаушы орган не үшін қажет? Барлық банкте осындай... Бұл менің ашуымды тудырады», - деді Елбасы. Мемлекет басшысы осы күнге дейін Үкіметтің банктердің банкрот болуына жол бермей келгендігін атап өтті. «Банкрот қылу керек және де ақшаны қалдырсын. Ол акционерлер ешқайда кеткен жоқ, осында отыр. Банктерді ақшаны жинап, одан кейін шығарып алу үшін құрған. Тапа тал түсте қалай ұрлық жасауға болады», - деді Нұрсұлтан Назарбаев. Мәжіліс барысында Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев 2008-2009 жылдарда орын алған дағдарыс кезінде туындаған банк секторындағы проблемалардың өткен жылы баяу шешілгенін атап өтті. Оның айтуынша, банктердің проблемасын шынайы мойындаудың орнына оларға реструктуризациялау жүргізіліп, жекелеген кредиттер шығынға жатқызылған. «Бұған қоса, нарықтың кейбір қатысушылары акционерлермен және менеджерлермен байланысы бар тұлғаларды кредиттеу бөлігінде тәуекелді саясат жүргізуін жалғастыра берді. Дегенмен, 2000 жылдары мұндай қызмет шетелдік заем қаражат есебінен қаржыландырылып кетсек, соңғы жылдары мемлекет қаражаты есебінен қаржыландырылуда. Қазіргі уақытта мемлекеттік холдингтер мен квазимемлекеттік компаниялардың банктегі есеп-шоттарында 7,2 триллионнан астам теңге бар», - деді банк басшысы.