Төтенше жағдай салдарынан жолаушылардың ешқайсысы зардап шеккен жоқ.
ERNUR.KZ. Fly Arystan әуе компаниясының Нұр-сұлтан – Шымкент бағытындағы ұшағы шұғыл түрде Алматыға қонуға мәжбүр болды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Авиакомпанияның баспасөз қызметі «Алматы» телеарнасына ұшақтың шұғыл түрде қонуына ауа райының қолайсыздығы себеп болғанын айтты.
«19.02.2021 сағат 08:55-те Нұр – сұлтан-Шымкент бағыты бойынша 7325 борты ауа райының қолайсыздығына байланысты Алматы халықаралық әуежайына қонды. Шымкентке ұшу уақыты 10:45 – ке ауыстырылды», – деп хабарлады баспасөз қызметі.
Авиакомпания ұшақтың Алматы әуежайына қауіпсіз қонғанын атап өтті. Төтенше жағдай салдарынан жолаушылардың ешқайсысы зардап шеккен жоқ.