Нұр-Сұлтанда 3 бала терезеден құлап кетті

0
1 385

Комитет ата-аналарды балаларын үйде жалғыз қалдырмауға шақырады.


Нұр-Сұлтанда 3 бала терезеден құлап кетті

ERNUR.KZ. Елордада бір күнде үш бала терезеден құлап кетті, деп жазады ktk.kz.

«Сағат 11.32-де Байқоңыр ауданы Күлтөбе бұрылысындағы бес қабатты үйдің үшінші қабатының терезесінен үйде қараусыз қалған бала құлап кетті. 2017 жылы туған бала қазір ауруханада ауыр халде жатыр. Сол секілді сағат 12.39-да Сарыарқа ауданы Жеңіс көшесіндегі үйдің төртінші қабатындағы терезесінен 2015 жылы туған бала құлап, ауруханаға жеткізілді. Оның да жағдайы ауыр», - деп хабарлайды комитеттен.

Сонымен бірге, сағат 16.01-де Алматы ауданы Мүсірепов көшесінде бесінші қабаттың терезесінен үйде қараусыз қалған қыз бала құлап кеткен. 6 жасар бала ауруханада ауыр халде жатыр.

Төтенше жағдайлар комитеті мұндай қауіпті жағдайлар балалардың қараусыз қалуы салдарынан орын алатынын хабарлайды. Комитет ата-аналарды балаларын үйде жалғыз қалдырмауға шақырады.