Нұр-Сұлтанда ер адамның жасөспірімді ұрып-соққаны түсірілген видео пайда болды

0
729

Бұл туралы Алина Канасо есімді қолданушы Facebook желісіндегі "Астана, хочу похвалить/пожаловаться" тобында жазған.


Нұр-Сұлтанда ер адамның жасөспірімді ұрып-соққаны түсірілген видео пайда болды

ERNUR.KZ. Нұр-Сұлтанда ер адамның жасөспірімді ұрып-соққаны түсірілген видео пайда болды, - деп жазады Тengrinews.kz.

Оқиғаның Күйші Дина көшесі, №37 үйдің ауласында болғаны айтылады.

"Үйдің алдында төрт жасөспірім отырған, олар ешкімге тиіспеген де, сөйлемеген де. Құрбымның айтуынша, олар бұл аулаға жиі келіп тұрады. Қатты шуламайды, ішпейді, арттарынан қоқыстарын қалдырып кетпейді. Сол күні олар (балаларды ұрып-соққан ) ер адамның бақшасын қиратқан отбасы тұратын үйдің маңында отырған еді. Ер адам сол үйдің баласы деп, біреуін ұрып-соққан болар. Шынымды айтсам, видеоны қарауға қорқамын. Бір сәтте баланың омыртқасы сына ма деп ойладым", - деп жазған Алина Канасо.

Айтуынша, ер адам мен жасөспірімдер арасында ешқандай әңгіме, дау болмаған.