Нұр-Сұлтанда коронавирус жұқтырған жүкті әйел дені сау бала босанды

0
2 560

Инфекциядан сауыққан жүкті әйел 17 сәуірде босанып, дүниеге қыз әкелді.


Нұр-Сұлтанда коронавирус жұқтырған жүкті әйел дені сау бала босанды

21 сәуірдегі деректерге сәйкес, Нұр-Сұлтан қаласында 3-4 сәуірден бері стационарда емделген 17 пациент коронавирустан айығып шықты, деп хабарлайды ERNUR.KZ coronavirus2020.kz ресми сайтына сілтеме жасап.

Барлық емделушілер КВИ диагностикасы мен емдеудің клиникалық хаттамасына сәйкес толық ем алды.

Емделіп шыққан азаматтар екі апта үй карантинінде болады.

21 сәуірде жазылып шыққандардың қатарында екі бала бар . Олар 2015 жылғы ер бала мен 2018 жылғы қыз бала.

Инфекциядан сауыққан жүкті әйел 17 сәуірде босанып, дүниеге қыз әкелді. Сәбидің сараптама нәтижесі - теріс.