Нұр-Сұлтанда күріш, ұн, қант өнімдері адам басына 5 келіден ғана сатылады

0
1 085

Мұндай шектеу тауарларды алып-сатарлардың сатып алмасы үшін қойылған.


Нұр-Сұлтанда күріш, ұн, қант өнімдері адам басына 5 келіден ғана сатылады

ERNUR.KZ. Нұр-Сұлтан әкімдігі қаладағы карантин кезінде азық-түлік өнімдерін сатуға қатысты жаңа ережелер енгізілгенін мәлімдеді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Елордалық әкімдіктің ақпаратынша, бұдан былай ірі дүкендер мен сауда үйлерінде сусымалы тауарлардың сатылымына қатысты шектеулер енгізілмек.

Атап айтсақ, бір чекке 5 келіден артық сусымалы тауар түрі берілмейді. Мұндай шектеу ұн, қант, күріш сияқты тауарларды алып-сатарлардың сатып алмасы үшін қойылған.

Сонымен қатар, аталмыш сусымалы өнімдер мен кептірілген жемістерді ашық күйінде сатуға болмайды. Бұл тауар түрлері буып-түюлі болуы керек. Ал жемістер мен көкөністерді ашық күйінде сата беруге рұқсат етілген.