Қазір аймақта coworking-орталықтар мен ағылшын тілін оқытатын үйірмелер қарқынды түрде ашылып жатыр, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Кеше, 14 маусымда Атырау облысында «Нұр Отан» партиясы филиалының саяси кеңес бюросының кеңейтілген мәжілісі өтті. Күн тәртібінде барлық мектептерге үштілділік жүйесін енгізу, білім беру мекемелерін цифрлық технологияға көшіру тақырыптары қойылды. Қазір аймақта coworking-орталықтар мен ағылшын тілін оқытатын үйірмелер қарқынды түрде ашылып жатыр, деп хабарлайды ERNUR.KZ. Baq.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.
Мәжіліске төрағалық еткен Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев саяси кеңес мүшелеріне оқушыларға ағылшын тілін оқыту бойынша мемлекеттік бағдарламаны табысты жүзеге асыру үшін жоспар жасақтауды ұсынды.
«Бүгінде ағылшын тілі халықаралық байланыс тіліне айналды. Экономикасы дамыған елдердің тұрғындары мен көшбасшылары сол тілде сөйлейді. Қазақстан әлемдік тәжірибеден қалыс қалмай, заманға сай дамуы керек, ағылшын тілін үйрену балалық шақтан басталғаны дұрыс. Осы мақсатта аймақтағы мектептерге үштілді оқыту жүйесін енгізіп жатырмыз. Қазақстанның өскелең ұрпағына сапалы білім беру үшін ағылшын тілін педагогтар да оқулары керек. Мемлекет басшысы айтқандай, балаларды ағылшын тіліне қазір оқытпасақ, болашақта толыққанды кадр дайындауды жүзеге асыра алмаймыз. Бұл мәселе барлық жауапты адамдардың бақылауында болуы тиіс, - деді Нұрлан Ноғаев.
Айта кетейік, «Нұр Отан» партиясының бастамасымен аймақта coworking-орталықтар ашылып жатыр, онда балалар ағылшын тілі мен жаңа цифрлық технологиялар бойынша білім алады. ІТ – орталық Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің базасында ашылды, онда жалпы білім беретін мектептердің мамандары оқытылады.
Аймақ басшысы «Нұр Отан» партиясы саяси кеңес бюросының мүшелерімен бірге жаңа орталыққа барып, жұмысымен танысты және нақты тапсырмалар берді.