Өскеменде балалар қаңтарылып тұрған жол талғамайтын көлікті жағып жіберген.
Бейнежазба Zhest_kz Telegram желіде жарияланды. Видеода екі баланың жол талғамайтын көліктің алдыңғы капотына бір нәрсені қойып, қашып бара жатқаны анық көрінеді. Кейін темір тұлпар отқа оранады.
ШҚО Полиция департаментінің мәліметінше, 25 ақпанда қала тұрғыны "BMW-сын" біреудің өртеп жібергенін айтып шағымданған. Дәл сондай дерек Үлбі полиция бөлімінде де тіркелген.
"8-11 жас аралығындағы үш бірдей кәмелетке толмаған бала ұсталды. Қазір аталған дерек бойынша ҚР ҚК 202-бабы 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде", - деді ШҚО ПД баспасөз қызметіндегілер.