Бауырының айтуынша, бойжеткеннің университетке төлейтін оқу ақысы болмаған, соны жаңағы бизнесмен шал төлепті.
ERNUR.KZ. Жиырма жастағы алматылық студент қыз өзінен 45 жас үлкен азаматқа екінші әйел ретінде тұрмысқа шықты, деп жазады NUR.KZ.
Бойжеткен бұл қадамға әлеуметтік жағдайының төмендігінен барған.
Жаға ұстатарлық жайтты қоғамдағы діни және әлеуметтік мәселелерді сараптаушы Мирхат Мадияров айтып берді.
"Студент қыз жоғарғы оқу орнында ақылы түрде оқиды екен. Әкесі жоқ, бір бауыры мен анасы ғана бар көрінеді.
Таныс имамды мейрамханаға неке қидыруға шақыртқан. Барса кәрі шал мен жас қыз үйленіп жатқан. Әлгі жерде неке туралы куәлік сұратып, қыздың ата-анасын шақыртса, туған ағасы келіп рұқсат берген.
Бауырының айтуынша, бойжеткеннің университетке төлейтін оқу ақысы болмаған, соны жаңағы бизнесмен шал төлепті.
Сондай-ақ, анасы да қызының әкесімен жасты, өзге ұлт өкіліне тұрмысқа шығып жатқанына қарсылық білдірмейтінін және ол азаматты «отбасылық досымыз, жанашырымыз» деп сенім білдіретіндерін жасырмаған", - дейді «Шаңырақ» діни мәселелерді алдын алу және оңалту орталығының басшысы.
Сарапшы осы оқиғадан соң біраз уақыт бойы қыздың болашағы үшін уайымдағанын да жасырмады.
"Мен имамнан әлгі отбасыны сұрап, іздегім келді. Жиырма жастағы қызға қатты жаным ашып, тіпті молдамен сөзге де келдім.
Ақша үшін өзінен 45 жас үлкен шалға екінші әйел ретінде тию деген сұмдық қой.
Әлеуметтік жағдайдың жоқтығы жастарды қайда апаратынын жоғарыда отырған басшылар білсе деп айтып отырмын", - деді.