Оқушыларға мұрынға арналған спрей түріндегі препарат егіледі - фейк

0
1 005

Ақпаратты ҚР Денсаулық сақтау министрлігі жоққа шығарды.


Оқушыларға мұрынға арналған спрей түріндегі препарат егіледі - фейк

ERNUR.KZ. Қазақстандықтар мектеп оқушылары ата-аналардың келісімінсіз Pfizer/BioNTech өндірген вакцинамен егілетіні туралы қауесет таратуда. Бала үйде вакцинация туралы айтпауы үшін препарат мұрынға арналған спрей түрінде болады. Бұл ақпаратты ҚР Денсаулық сақтау министрлігі жоққа шығарды, деп жазады stopfake.kz.

– Бұл ақпарат шындыққа жанаспайды. Біріншіден, Pfizer/BioNTech өндірген вакцинаны Қазақстанға 2021 жылдың төртінші тоқсанында жеткізу жоспарланған. Екіншіден, ол тек иненің көмегімен бұлшықетке егіледі. Бұл препарат 12 жастан асқан жасөспірімдерге арналған. Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанда балаларды вакцинациялау тек ата-аналардың немесе ресми өкілдердің (қамқоршылардың) ақпараттандырылған келісімімен ғана жүргізіледі, – деп хабарлады ведомстводан.
Бұл вакцинаны алғаннан кейін балалар жаппай өледі деген де қауесет. Pfizer/BioNTech өндірген COVID-19 алдын алуға арналған препарат барлық қажетті клиникалық және клиникаға дейінгі сынақтардан өтті, оның қауіпсіздігі мен тиімділігі дәлелденген. Вакцина АҚШ-тың Азық-түлік және дәрі-дәрмек сапасын санитарлық қадағалау басқармасымен мақұлданған және АҚШ, Канада, Австралия, Бельгия, Франция, Исландия және т.б. 98 елде қолданылуда. Оны қолдану нәтижесінде болған жаппай өлім тіркелген жоқ.