"Ол масқара ғой": Аймағамбетов аурухана мен дүкендерде тұратын лотоматтар жайлы мәселе қозғады

0
8 771

Аймағамбетов жазғы лагерлердің жұмысын реттеу керегін айтты.


ERNUR.KZ. Мәжіліс отырысының кулуарында депутат Асхат Аймағамбетов Мәжіліске ұсынылатын жаңа заң жобалары жайлы айтты, деп жазады stan.kz.

"Букмекерлік кеңселер мәселесі мен лотоматтар бар. Бізде қазір кейбір ауруханалардың өзінде лотоматтар тұрады. Енді ол масқара ғой. Қазір дүкендерде де тұрады. Ол лотомат деп аталуымен құмар ойынға балаларды кішкентай кезінен тәрбиелейтін құрал деп айтуға болады. Сондықтан олардың барлығын шешу бойынша заң жобасы бар", - деді ол.

Аймағамбетов жазғы лагерлердің жұмысын реттеу керегін айтты.

"Ол хабарлама бола ма, лицензия бола ма талапты күшейтуіміз керек. Балалармен жұмыс істейтін әртүрлі орталықтар бар. Олардың да жұмысын хабарлама бойынша, талаптарды нығайту бойынша заң жобалары бар. Бұдан басқа балалардың құқығын қорғайтын нормалар қарастырылып отыр. Осы бағытта жұмыс істейміз", - деді Асхат Аймағамбетов.

Айта кетейік, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қауіпсіздік кеңесінің отырысында лудоманияға қарсы күресті күшейту жайлы айтқан болатын.