Оливер Стоун: Нұрсұлтан Назарбаев туралы фильм жұмыстары 19 айға созылды

0
689

Мен өз өмірімдегі ең жақсы жұмыстардың бірін істедім деп санаймын, деді фильм режисері.


Оливер Стоун: Нұрсұлтан Назарбаев туралы фильм жұмыстары 19 айға созылды

ERNUR.KZ. Әлемге әйгілі режисер Оливер Стоун өзі продюесерлік еткен «Qazaq. Алтын адам тарихы» атты фильмінің таныстырылымында Қазақстан туралы пікірімен бөлісті, деп жазады ҚазАқпарат.

Таныстырылым барысында Оливер Стоун мырза бұл фильмнің продюсері екенін, ал режиссері – украиналық маман Игорь Лопатенок екенін айтты.

«Фильм жұмыстары 19 айға созылды, біз бірнеше сұхбат сессияларын өткіздік. Осыдан кейін бүкіл ел көлемінде экспедиция жасауды жоспарладық. Өкінішке қарай, экспедиция пандемияға байланысты үзіліп қалды. Бірақ бұл жайт бізді тоқтата алмады. Инфекциялардан қорқу керек, бірақ сіз өз ісімізді де жасауымыз керек. Менің ойымша, біз бұл фильмді мүмкіндігімізден тыс жасадық. Мен өз өмірімдегі ең жақсы жұмыстардың бірін істедім деп санаймын», - деді фильм режисері.

«Сіз қарапайым америкалықтарға Қазақстанды қандай ел деп сипаттар едіңіз», - деген сұрақ қойылған болатын америкалық маманға.

«Сізге Қазақстанды түсіну қиын болуы мүмкін, бірақ бұл әлемнің болашағы үшін өте маңызды ел. Қазақстанда талантты адамдар көп. Бұл өте прогрессивті ел. Өткен ғасырдың 90-шы жылдарынан бастап бүгінгі күнге дейін Қытай сияқты Қазақстанда да үлкен өзгерістер болып жатқанын көріп отырмыз. Бұл – үлкен үлгі және алып ел», - деді белгілі кино маманы.

Оның айтуынша, америкалық сарапшылар Қазақстанның әлеуетін жақсы біліп отыр.

«Америкалық сарапшылар Қазақстанды одақтас ретінде көргісі келеді. Бірақ бұл бір жағынан Ресей мен Қытайға қарсы әрекет болып көрінуі де мүмкін. Сондықтан Қазақстан осы үдерістердің бәрінде маңызды рөл атқарады. Қазақстан барлық серіктестерімен достық қарым-қатынаста. Мен үнемі айтамын, біз бір-бірімізбен күресудің орнына климаттың өзгеруін жеңу үшін бірге жұмыс істеуіміз керек, текетірес жақсы нәрсеге әкелмейді. Жалпы, дипломатия құрылымын өзгерту керек», - деді Оливер Стоун.