Өнеркәсіп министрлігі әкімдіктермен бірлесіп, автожол жобаларына тартылған карьерлердің құжаттарын рәсімдеуі қажет.
фото:Ертай Сарбасов
ERNUR.KZ. Премьер-министр Олжас Бектенов жолдарға арналған жер учаскелерін беруге және нысаналы мақсатын өзгертуге мораторий жариялауды тапсырды, деп жазады sputnik.kz.
Бүгінде жолдарды салу жұмыстары ұзаққа созылып жатады. Ал уақытында аяқталмаған жолдың құны қымбаттайды. Оған кететін ақша да көбейеді. Осыған байланысты премьер-министр нақты тапсырма берді.
"Алдағы уақытта жобалардың қымбаттап, мерзімдердің созылып кетуіне жол бермеу үшін барлық дайындық жұмысын ерте бастан жүргізу керек", — деді Бектенов үкіметтің бүгінгі отырысында.
Сондай-ақ, премьер-министр әкімдіктерге болашақ жобалар үшін учаскелерді резервке қойып, ол жерлерді беруге және нысаналы мақсатын өзгертуге мораторий жариялауды тапсырылды.
Ал өнеркәсіп министрлігі әкімдіктермен бірлесіп, автожол жобаларына тартылған карьерлердің құжаттарын рәсімдеуі қажет.
"Көлік министрлігі жол салуға қажетті жерлерді мемлекет қажеттілігі үшін жедел сатып алуды заңнамалық реттеу мәселесін пысықтасын", - деді үкімет басшысы.