Олжас Бектенов Түркістан облысында өрттен қаза тапқандардың туыстарына көңіл айтты

0
68

Кеше таңертең Жетісай ауданының Алғабас ауылында екі қабатты жеке тұрғын үй өртеніп, 12 адам мерт болды.


Олжас Бектенов Түркістан облысында өрттен қаза тапқандардың туыстарына көңіл айтты

Фото: Үкімет

ERNUR.KZ. Үкімет отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов Түркістан облысы Жетісай ауданы Алғабас ауылында өрттен қаза тапқандардың туыстарына көңіл айтты, деп жазады inform.kz.

— Түркістан облысының Алғабас ауылындағы қайғылы жағдай болғанын білесіздер. Үкіметтің атынан қазақ тапқандардың туған туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтам. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша өрттің себептерін анықтау үшін үкіметтік комиссия құрылып, жұмыс істеп жатыр, — деді Премьер-министр.

Кеше таңертең Жетісай ауданының Алғабас ауылында екі қабатты жеке тұрғын үй өртеніп, 12 адам мерт болды.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысы Жетісай ауданындағы жеке үйде болған өрттің салдарынан көптеген адамның қаза табуына байланысты көңіл айтты.
Үкімет пен Түркістан облысының әкіміне зардап шеккен азаматтардың туған-туыстарына барлық қажетті көмек көрсетіп, қайғылы оқиғаны жан-жақты тексеруді тапсырды.
Президенттің тапсырмасы бойынша Түркістан облысындағы өртке байланысты Үкіметтік комиссия құрылғаны анықталды.
Өрт фактісі бойынша «Өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу» бабымен қылмыстық іс қозғалды.
Өрттен кейін медициналық мекемелерге үш адам — екі ересек және бір бала жеткізілді. Ведомство ақпаратына сәйкес, қазір барлығы реанимация бөлімінде жатыр, жағдайлары ауыр, бірақ тұрақты.