250 азамат осы қаржы пирамидасына 300 млн теңге салған.
Фото: скриншот
ERNUR.KZ. Ақпан айында Қазақстанда тағы бір қаржы пирамидасының қызметін тоқтады. Бұл жолы тұтынушы кооператив ретінде жасырылған «Buyers Union» қаржы пирамидасы болған, деп жазады azattyq-ruhy.kz.
Қаржы мониторинг агенттігінің мәліметіне сүйенсек, қаржы пирамидасын құрғандар салымшыларды жылжымайтын мүлік пен көлік сатып аласыздар деп үгіттеп, Trade in және ReFinance деген алдамшы жобалардан инвестициялық табыс табасыздар деп сендірген.
«Кооперативке қатысудың міндетті шарттарының бірі өмірді сақтандыру үшін ай сайын 30 мың теңге төлеу және сатып алынатын мүліктің құнынан 10%-дық жарна төлеу болған. Маңыздысы, кооператив салымшыларға ақша алғаны туралы ешқандай құжаттарды ұсынбаған. Осылайша, пирамидаға 250-ден астам салымшы тартылып, 300 млн теңгеден астам қаражат салған», - деп хабарлайды ҚМА.
Осы пирамиданы бастағандар екі айға қамалған. Сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр.