Кіру және шығу үшін ешқандай анықтамалар қажет болмайды.
ERNUR.KZ. ҚР премьер-министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов өңірлер арасында блокбекеттер қойылмайтынын айтты, - деп жазады тengrinews.kz.
"Кіру және шығу үшін ешқандай анықтамалар қажет болмайды. Блоктар өңірлер арасында орнатылмайды. Бұрын айтылғандай, өңірлер арасындағы жолаушылар, автобус қатынасы тоқтатылады", - деді Тоғжанов.
Еске салайық, бүгін премьер-министр Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Мемлекеттік комиссия отырысында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес Қазақстандағы эпидемиологиялық ахуалды тұрақтандыру шаралары қаралды.Қазақстанда эпидемиологиялық ахуалдың өршуін және коронавирус инфекциясымен сырқаттанушылықтың өсуін ескере отырып, Мемлекеттік комиссия биылғы 5 шілдеден бастап 14 күнге шектеу шараларын енгізу туралы шешім қабылдады.