Оңтүстік Корея қазақстандық мұнайды сатып алудан бас тартты

0
510

Оңтүстік Корея CPC Blend мұнайының тұрақты сатып алушысы болды.


Оңтүстік Корея қазақстандық мұнайды сатып алудан бас тартты

ERNUR.KZ. Оңтүстік Корея CPC Blend сортындағы қазақстандық мұнайды сатып алуды тоқтатты, деп жазады stan.kz.

Бұған себеп кореялықтар аз күкіртті мұнайды сатып алу Қызыл теңіздегі хуситтердің шабуылы аясында тым қымбат және тиімсіз деп санайды.

Оңтүстік Корея CPC Blend мұнайының тұрақты сатып алушысы болды. Мұнай өңдеушілер соңғы онжылдықта айына орта есеппен 3-5 миллион баррель тұтынған.

Новороссийск Қара теңіз портынан CPC Blend сортының мұнайы Суэц каналы арқылы Оңтүстік Корея порттарына жеткізіледі.

Ақпан айында Қызыл теңіз арқылы логистикадағы қиындықтарға байланысты бірде-бір партия жеткізілмеген. Жеткізу құны сақтандыру ақыларына байланысты өскен.

Оңтүстік Кореяның ірі мұнай өңдеу компаниясы SK Innovation және оның көліктік еншілес компаниясы SK Shipping қазақстандық мұнайды жеткізуге арналған CPC Blend логистикалық шығындарының күрт өскенін атап өтті.

Осыған байланысты, Сеулде орналасқан Корей мұнай қауымдастығының сарапшылары мұнай өңдеу зауыттары болашақта CPC Blend сортының шикі мұнайын сатып алуды айтарлықтай азайтатынын алға тартты.