ОҚО-да көктемгі егістіктен 86 мың тонна қырыққабат экспортталған

0
1 690

Облыста жылыжай көлемі 1325 гектарға жетіп, республикалық үлестің 80 пайызын құрап отыр. Аталған жылыжай көлемінің 663 гектары, яғни 50 пайызы Сарыағаш ауданына тиесілі.


ОҚО-да көктемгі егістіктен 86 мың тонна қырыққабат экспортталған

ERNUR.KZ. Бүгін Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев жұмыс сапарымен Сарыағаш ауданында болды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Шаруашылықтың жұмысын аралап көрген аймақ басшысы бүгінгі күнге өңір диқандары 112 мың тонна қырыққабат жинағанын,оның ішінде 86 мың тонна болатын өнім сыртқы нарыққа шығарылғанын атап өтті,

«Қазіргі уақытта облыста осы ерте мерзімдік көкөністердің орнына басқа дақылдарды егу жұмыстары жүргізілуде. Көктемгі егістіктен жиналған өнімнің 105,7 мың тоннасы экспортқа шығарылған. Оның ішінде 64,7 мың тоннасы Сарыағаш ауданының еншісінде екен. Бұл әрине ерте көктемнен тынбай еңбек етіп отырған Сіздер секілді еңбекқор шаруалардың жемісі деп білеміз»,-деді Ж.Түймебаев.

Облыста жылыжай көлемі 1325 гектарға жетіп, республикалық үлестің 80 пайызын құрап отыр. Аталған жылыжай көлемінің 663 гектары, яғни 50 пайызы Сарыағаш ауданына тиесілі.

Қазіргі таңда ОҚО аумағында интенсивті бауда 22 гектарға шие, 13 гектарға өрік, 70 гектарға шабдалы, 92 гектарға алма көшеттері егілген.