Оралда 12 жастағы бала өзенге батып кетті

0
83

Құтқарушылар жасөспірімнің денесін судан іздеп тауып, алып шықты.


Оралда 12 жастағы бала өзенге батып кетті

Фото: Pexels

ERNUR.KZ. Орал қаласында «Телеорталық» маңында қайғылы оқиға тіркелді, деп жазады inform.kz.

БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, оқиға 16 мамыр күні болды.
— Шаған өзені жағасында ересек адамдардың қарауынсыз қалған 2014 жылғы бала суға құлап, батып кетті. Құтқарушылар жасөспірімнің денесін судан іздеп тауып, алып шықты, — деп хабарлады ведомстводан.

Бұл — өңірдегі осындай бірінші оқиға. Дегенмен облыста шомылу маусымы басталған жоқ.

Департамент деректеріне сәйкес Батыс Қазақстан облысында 2025 жылы 7 адам су батып, көз жұмса, соның біреуі бала еді.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Батыс Қазақстанда шомылуға арналған 34 орын белгіленгенін жазған едік.