Оралда балық аулауға кеткен тұрғын табылмай жатыр

0
897

Жедел құтқару жасағынан 4 адам, бір техника, бір жүзу құралы іздеу үстінде.


Оралда балық аулауға кеткен тұрғын табылмай жатыр

ERNUR.KZ. Оралда 1961 жылы туған тұрғын іздестіріліп жатыр, деп жазады ҚазАқпарат.

БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметінен түскен алдын ала мәліметке қарағанда, аталмыш тұрғын 16 маусым күні балық аулауға кеткеннен қайта оралмаған.

Құтқарушылар із-түзсіз кеткен азаматты кеше сағат 16.30-дан бері Оралдан 10 шақырым қашықтықтағы қалаға қарасты Круглоозерный кенті тұсында Жайық өзенінен іздестіруде. Оған жедел құтқару жасағынан 4 адам, бір техника, бір жүзу құралы қатысуда. Әзірге ешқандай нәтиже болмай тұр.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Оралда таеквондодан Азия чемпионы жоғалып кеткен болатын.