Оралда белгілі дәрігер-гинеколог жол апатында қаза тапты

0
1 569

Қазіргі уақытта Қылмыстық кодекстің 345- бабы, 3- бөлімі бойынша сот алды тергеу жұмыстары жүріп жатыр. Тиісті сараптамалар тағайындалған.


Оралда белгілі дәрігер-гинеколог жол апатында қаза тапты

ERNUR.KZ. Оралда 64 жастағы акушер-гинеколог Александра Ненашева жол апаты салдарынан көз жұмды деп жазады nur.kz.

Дәрігер зейнетақы жасынан асып кетсе де, облыстық перинаталдық орталықта жұмыс істеген. Қайғылы оқиға болмас бұрын Александра Ненашева кезекті еңбек демалысына шығыпты.

Полиция департаменті жол-көлік оқиғасының 15 қаңтар күні болғанын айтты. Сол күні Меңдалиев пен Мәметов көшелерінің қиылысында "Лада Калина" автокөлігі жаяу жүргіншіні қағып кеткен екен.

"Жол апатының орнына жедел жәрдем көлігі шақыртылды. Зардап шегуші бірден жан сақтау бөліміне жеткізілді. Алған жарақаттар ауыр болғандықтан келіншек ауруханада көз жұмды", -деді Батыс Қазақстан облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінде.

Қазіргі уақытта Қылмыстық кодекстің 345- бабы, 3- бөлімі бойынша сот алды тергеу жұмыстары жүріп жатыр. Тиісті сараптамалар тағайындалған.