Оралда екі баланың анасы көпірден секірмек болды

0
535

Полицияға көпірдің қоршауында әйел тұрғаны хабарланған соң оқиға орнына дереу наряд жіберілді.


Оралда екі баланың анасы көпірден секірмек болды

ERNUR.KZ. Орал қаласының 41 жастағы тұрғыны күйеуімен жанжалдасып, 20 қазан күні таңертең өз-өзіне қол жұмсамақ болды, деп жазады zakon.kz.

Әйелдің кәмелетке толмаған екі баласы бар екені белгілі болды.

Полицияға көпірдің қоршауында әйел тұрғаны хабарланған соң оқиға орнына дереу наряд жіберілді.

Оралдың полиция басқармасының патрульдік полиция батальонының инспекторы Тынымгерей Амангелдиев пен оның серіктесі Нұрсұлтан Жаңабаев көпір маңына бірінші болып жетті.

Олар келген кезде көпірден секіруге оқталған әйелді көріп, оған үнсіз жақындап, қауіпсіз қашықтыққа апарды.

Мән-жайды анықтау үшін әйел қалалық ішкі істер бөліміне жеткізілді.