​Оралда есірткі саудасымен айналысқан екі студент қыз ұсталды

0
65


​Оралда есірткі саудасымен айналысқан екі студент қыз ұсталды

Фото: БҚО ПД

ERNUR.KZ. Батыс Қазақстан облысы полиция департаменті экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел іздестіру іс-шаралары барысында Орал қаласындағы колледждердің бірінде оқитын екі студент қызды құрықтады, деп жазады kaz.inform.kz.


БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, жеке тексеру кезінде қыздардың бірінің сырт киімінің қалтасынан полиэтилен пакетке оралған ақ ұнтақ зат салынған 25 түйіншек табылып, тәркіленді.

“ Алдын ала мәлімет бойынша күдіктілер бұл қылмысты бірлесіп жасаған және осылайша жеңіл табыс табуды көздеген. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сараптамалар тағайындалып, тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Полиция есірткіге қатысты құқықбұзушылықтар үшін жазаның бұлтартпас екенін ескертеді. Мұндай әрекеттер жасөспірімдердің өмірін құртып қана қоймай, бүкіл қоғамға қауіп төндіреді,”- деп хабарлады ведомстводан.
Департамент мәліметіне сәйкес бұдан бұрын Орал қаласында есірткі таратты деген күдікпен 18 жастағы жігіт ұсталған болатын. Орал қаласы полиция басқармасы патрульдік полиция батальонының қызметкерлері көшеде күдік тудырған жігітпен сөйлескенде, ол қашып кетуге тырысқан. Алайда полицейлер жедел қолға түсірген одан тексеру кезінде ақ түсті ұнтақ тәрізді зат салынған 10 zip-пакет табылды. Сонымен қатар оқиға орнынан тағы 3 zip-пакет тәркіленді.

Мұндай деректер өңірде жастардың есірткі қылмысына баруы азаймай отырғанын көрсетеді.