Оралда ескі үйдің орнынан табылған адам сүйектеріне қатысты тергеу басталды

0
558

Оралда Пугачев көшесіндегі 33 және 34 жер үйлерді бұзып, орнын қазу кезінде бірнеше адамның сүйегі табылды.


Оралда ескі үйдің орнынан табылған адам сүйектеріне қатысты тергеу басталды

ERNUR.KZ. Батыс Қазақстанда полиция бір орынға жерленген бірнеше адамның сүйегіне қатысты тергеу жұмыстарын бастады, деп жазады exk.kz.

Оралда Пугачев көшесіндегі 33 және 34 жер үйлерді бұзып, орнын қазу кезінде бірнеше адамның сүйегі табылды. Бұл табылған адамдар шамамен ХІХ ғасырда жерленген болуы да мүмкін.

"Оралда Пугачев көшесінде шайхананың артында тұрмын. Мына жерде құрылыс орнын тазалап жатыр. Бұл орынды "көңілді орын" деп атаймын. Себебі, бұл үйдің шатырынан 3 адамның сүйегін тапты. Кейін жерді қазғанда тағы да бірнеше адамның сүйегі табылды", — дейді бейнежазбаға түсіріп тұрған адам.



Үйдің шатырында және жертөлесінде табылған адам денесінің сүйектеріне қатысты қазір тергеу жұмыстары жалғасып жатыр.

"17 қазан күні жеке тұлғалардың қайтыс болу дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіміне тіркелді. Бұл жерге тергеу-жедел топ барып, оқиға болған жерді тексеріп шықты. Табылған адам сүйектеріне қатысты сот сараптамасын жүргізу үшін БҚО бойынша арнайы сот сараптамалық орталығына жіберілді. Қылмыстық іс сот сараптамасының нәтижелері бойынша заңды іс жүргізу шешімі қабылданады", — деді БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметіндегілер.