Орнына бөгде адамдарды кіргізген төрт түлекке қатысты қылмыстық іс қозғалды

0
535

Айласын асырмақ болған оқушылар мен оларға көмектескен тұлғалар туралы мәліметтер құқық қорғау органдарына жіберілді.


Орнына бөгде адамдарды кіргізген төрт түлекке қатысты қылмыстық іс қозғалды

ERNUR.KZ. Құжаттарды қолдан жасаған қазақстандық төрт түлек сотты болуы мүмкін, деп хабарлайды Хабар24.

Оларға қатысты қылмыстық іс қозғалды. ҰБТ тапсыру кезінде оқушылар жалған қағаздарды қолданған. Осылайша, емтиханға өз орнына бөгде адамды кіргізген. Бұл туралы Ұлттық тестілеу орталығы хабарлады. Олардың арасында бір «Алтын белгі» иегері бар. Құжаттардың ауыстырылғаны Face-ID бағдарламасының көмегімен анықталған. Бұл цифрлық жаңашылдық биылдан бастап барлық емтихан тапсыру орталықтарында жұмыс істейді. Айласын асырмақ болған оқушылар мен оларға көмектескен тұлғалар туралы мәліметтер құқық қорғау органдарына жіберілді.

Айта кетейік, ұлттық тестілеу 30 маусымда аяқталады. Әзірге тестілеуден 150 мыңға жуық түлек өтті.