Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Ақылбек Ихдановтың өкілеттігі тоқтатылды

0
1 044

ҚР сайлау комиссиясының мүшесі міндетерін атқарудан босатуға өз еркімен өтініш берген жағдайда, бірден босатылады.


Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Ақылбек Ихдановтың өкілеттігі тоқтатылды

ERNUR.KZ. ҚР Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Ақылбек Ихдановтың өкілеттігі мерзімінен бұрын тотатылды, деп жазады ҚазАқпарат.

«ҚР Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Ақылбек Жәмелұлы Ихдановтың өз қалауымен өкілеттігін тоқтату туралы өтініші ҚР Парламент Мәжілісіне келіп түсті. Ақылбек Ихданов «ҚР Сайлау туралы» конституциялық заңының 19-бабы, 6-бөлігі, 1-тармағына сәйкес ҚР Парламенті Мәжілісінің 2018 жылғы 5 қыркүйектегі қаулысымен Орталық сайлау комиссияның мүшесі лауазымына тағайындалған. ҚР сайлау комиссиясының мүшесі міндетерін атқарудан босатуға өз еркімен өтініш берген жағдайда, бірден босатылады. Осыған орай, А. Ихдановтың ОСК мүшесі ретіндегі өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатуды сұраймыз», - деді депутат Нұрлан Әбдіров ҚР Парламентінің жалпы отырысында.

Депуттар бұл ұсынысқа түгел дауыс берді және шешім бірауыздан қабылданды.

«Ақылмек Жәмелұлын жақсы білесіздер. Мықты маман, Білікті заңгер, Көп жылдар бойы мемлекеттік қызметте жауапты лауазымдарды абыроймен атқарды. Болашақта да үлкен табыстар тілейміз», - деді Парламент Мәжілісінің Төрағасы Нұрлан Нығматуллин.

Мәжіліс Төрағасы Ақылбек Ихдановты арнайы Алғыс хатпен марапаттады.