Санитарлық авиацияның АН-2 ұшағы сағат 12.33-те Прапорщиково ауылының маңында апатқа ұшыраған.
ERNUR.KZ. Өскемен әуежайының маңында ұшақ құлады, деп жазады тengrinews.kz.
"Санитарлық авиацияның АН-2 ұшағы сағат 12.33-те Прапорщиково ауылының маңында апатқа ұшырады. Ұшақта бес адам болған. Барлығы аман", - деп хабарлады ШҚО ТЖД өкілдері.
"Қазақстанның авиациялық әкімшілігі "Орлан 2000" әуекомпаниясының Ан-2 ұшағы санитарлық тапсырмамен Өскемен-Ақсуат бағыты бойынша ұшып бара жатқанын хабарлайды. Сағат 12.50-де экипаж қозғалтқыштағы жағдайды айтты. Ұшақ командиріне Өскемен әуежайынан 10 шақырым жерде қону керек болды. Ұшақта бес адам болды, үш экипаж мүшесі мен екі жолаушы. Қаза тапқандар жоқ", - деп хабарлады Азаматтық Авиация комитетіндегілер.