Өскеменде жалпы 140 мың көлік тіркелген.
ERNUR.KZ. Өскемен қаласында электромобильдермен жүруге жан-жақты жағдай жасалады. Бұл туралы Шығыс Қазақстан облысының әкімі Ермек Көшербаев мәлімдеді, деп жазады Sputnik Қазақстан.
Бүгінде қалада ауа-райын көліктер де ластап отыр. Өскеменде жалпы 140 мың көлік тіркелген.
“Ол көліктердің басым бөлігі экологиялық талаптарға сәйкес келмейді. Осыған байланысты электромобильдердің санын барынша көбейтуге жағдай жасауға шешім қабылдап отырмыз. Біздің мақсатымыз - қажетті инфрақұрылымды жасау. Сондай-ақ, бюджетте қаржының бір бөлігі субсидияға бөлінеді. Соның есебінен қаладағы орталық көшелерінде Алматы мен Астанада сияқты электробустарды шығару жоспарланған”,-деді Көшербаев үкіметтің бүгінгі отырысында.
Әкімнің айтуынша, қазіргі кезде электромобильдерді қуаттау станцияларын орнататын компания анықталды. Станциялар қаланың ішінде және сыртында орнатылады.