Өскемен көшелерінің бірінде күзетшілер ер адамды ұрып-соққан

0
535

Тәртіп сақшылары өтінішті алғаннан кейін дереу күдіктілерді іздеуге кіріскен.


Өскемен көшелерінің бірінде күзетшілер ер адамды ұрып-соққан

ERNUR.KZ. Өскемен қаласы ПБ Үлбі полиция бөлімінің “102” жедел арнасына облыс орталығының 47 жастағы тұрғыны түнгі уақытта қалалық кафелердің бірінің жанында ЖШС күзетшілері оған дене жарақатын келтіргенін хабарлаған, деп жазады zakon.kz.

Тәртіп сақшылары өтінішті алғаннан кейін дереу күдіктілерді іздеуге кіріскен. Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында криминалдық полиция қызметкерлері күзетші-жүргізуші болып жұмыс істейтін 19 жастағы екі күдіктіні анықтап, ұстап алған.

Жауап алу кезінде ұсталғандар өз кінәларын мойындаған.

Қазіргі уақытта осы дерекке қатысты ҚР ҚК-нің 252-бабы 1-бөлігімен (Жекеше күзет қызметтері қызметшілерінің өкілеттіктерін асыра пайдалануы) сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Күдіктілерге бес жылға дейінгі мерзімге шектеу немесе бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.