Өскеменде 12 жастағы қызды қатарластары аяусыз соққыға жықты: қылмыстық іс қозғалды

0
167

Қазіргі уақытта әкімдік жасөспірімдер ісіне қатысты комиссия құрды


Өскеменде 12 жастағы қызды қатарластары аяусыз соққыға жықты: қылмыстық іс қозғалды

фото: Sputnik / Абзал Калиев

ERNUR.KZ. Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласында 12 жастағы жасөспірімді аяусыз соққыға жыққан, деп жазады sputnik.kz.
Оқиғаның бейнежазбасы әлеуметтік желіде тарады. Онда қатарластарынан жәбір көрген қыздың бейнесі жарияланған. Полиция оқиғаға қатысы бар деген күдіктілердің барлығы ұсталғанын айтты.
"Куәгерлерден жауап алынып, бейнекамералардың барлығы тексерілді. Жасөспірімге әлімжеттік көрсеткендердің барлығы ата-анасымен полиция бөліміне жеткізілді. Қылмыстық іс қозғалды. Ата-аналар заңды түрде жауапқа тартылады ", - дейді облыстық полиция департаменті.
Қазіргі уақытта әкімдік жасөспірімдер ісіне қатысты комиссия құрған. Дәл осындай жағдайды болдырмау үшін балалармен жұмысты күшейтеміз, дейді полиция.