Өскеменде 5-қабатта терезе жуып тұрған әйел құлап, көз жұмды

0
136

​Қайғылы жағдайды облыстық Полиция департаменті растады.


Өскеменде 5-қабатта терезе жуып тұрған әйел құлап, көз жұмды

Фото: istockphoto.com

ERNUR.KZ. Өскеменде оқыс жағдайда қайғылы оқиға болды. Бесінші қабатта пәтерінің терезесін жуып тұрған әйел адам абайсызда құлап кетіп, оқиға орнында көз жұмды, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Қайғылы жағдайды облыстық Полиция департаменті растап, агенттік тілшісі пікір білдірді.

«30 шілде күні Өскемен қаласында Алматы көшесіндегі тұрғын үйдің бесінші қабатындағы терезеден әйел адам құлап, алған жарақаттарынан оқиға орнында қайтыс болды.
Анықталғандай, 1942 жылы туған азаматша терезе жуып жатқан кезде абайсызда құлап кеткен.
Шығыс Қазақстан облысының Полиция департаменті жеке қауіпсіздік шараларын сақтаудың маңыздылығын еске салып, азаматтарды өз денсаулығы мен өміріне ұқыпты қарауға шақырады», – делінген облыстық ПД хабарламасында.