Өскеменде 63 миллион жымқырған балалар үйінің қызметкерлеріне үкім шықты

0
580

Бюджет қаражатын жымқыру айыптары Мамандандырылған балалар үйінің бұрынғы қызметкерлеріне - экс-директорға, бас есепшіге және кадрлар бөлімінің маманына қатысты тағылды.


Өскеменде 63 миллион жымқырған балалар үйінің қызметкерлеріне үкім шықты

ERNUR.KZ. Өскеменде мамандандырылған балалар үйінің директоры мен бас есепшісі 63 миллион теңгені жымқырды деген айыппен сотталды, деп жазады Tengrinews.kz.

Өскеменнің №2 соты баспасөз қызметінің мәліметінше, сот үкімі бүгін шықты. "Өскемен қаласындағы мамандандырылған балалар үйі" КМК-да 2015-2019 жылдар аралығында балаларға бөлінген бюджет қаражатын жымқыру дерегі орын алғаны анықталды.

Еске салайық, барлығы 63 150 581 теңге ұрланған.

"Өскеменнің № 2 соты қылмыстық істі қарауға кірісті. Бюджет қаражатын жымқыру айыптары Мамандандырылған балалар үйінің бұрынғы қызметкерлеріне - экс-директорға, бас есепшіге және кадрлар бөлімінің маманына қатысты тағылды. Олар 2015 жылдың наурызынан 2018 жылдың желтоқсанына дейін 63 миллион теңге жымқырған", - деді Шығыс Қазақстан облыстық соты төрағасының міндетін атқарушы Қайрат Шақпантаев.

Сот мәліметінше, оларға Қылмыстық кодекстің 189-бабы бойынша айып тағылды. Бұл бапқа сәйкес, айыпталушылар мүлкі тәркіленіп, 7-ден 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылады.