Өскеменде Абай ескерткішін бүлдірген жасөспірімнің заңды өкілдеріне айыппұл салынды

0
707

10 шілдеде полицияға Абай ескерткішіне белгісіз біреу сурет салып кеткені хабарланды.


Өскеменде Абай ескерткішін бүлдірген жасөспірімнің заңды өкілдеріне айыппұл салынды

ERNUR.KZ. Мұндай шешім «кәмелетке толмағандар вандализмі» бабы бойынша әкімшілік іс аясында қабылданды, деп жазады ҚазАқпарат.

Еске салайық, 10 шілдеде полицияға Абай ескерткішіне белгісіз біреу сурет салып кеткені хабарланды. Қаскүнем видеобақылау камералары арқылы анықталды.

«2 шілде күндіз кәмелетке толмаған үш жасөспірім ескерткішке велосипедпен келген. Олардың бірі ескеркішке жазу жазып кетті»,- деді ШҚО ПД-дан.

«Суретші» табылып, сотқа «кәмелетке толмағандар вандализмі» 448-бабы бойынша әкімшілік іс берілді. 13 шілдеде сотта қаралды.

Айта кетейік, бұл бап бойынша жасөспірімдердің ата-анасы немесе заңды өкілдері жауапқа тартылады. Атап айтқанда, 15 АЕК немесе 51750 теңге айыппұл салынды.