Өскеменде автобус паркі жеңілдік жасаудан бас тартып отыр

0
1 379

Тасымалдаушылардың айтуынша, шығындардың бір бөлігін әкімдік өтеуге тиіс, бірақ жылдар бойы осы міндеттеме орындалмай келеді.


Өскеменде автобус паркі жеңілдік жасаудан бас тартып отыр

ERNUR.KZ. Қоғамдық көліктердің зейнеткерлер мен балаларға жасалатын жеңілдіктен бас тартуы заңға қайшы. Бұл туралы Өскемен қалалық әкімдігі мәлімдеді, деп жазады inbusiness.kz.

«№ 25, 25А, 43, 43А автобустары тиесілі мекеме енді жеңілдік жасамаймыз деп отыр. Яғни 15-ке толмаған бала да, 70-тен асқан қария 90 теңге төлеуі керек.

Автопарктің мұндай шешімге келуіне көптеген себеп түрткі болған екен, сондағы ең басты себеп – әкімдік тарапынан субсидияның берілмеуі. Тасымалдаушылардың айтуынша, шығындардың бір бөлігін әкімдік өтеуге тиіс, бірақ жылдар бойы осы міндеттеме орындалмай келеді.

Осы мәселеге қатысты Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі «ВЭСТ» автокөлік цехына ескертпе жіберді. Ескертуде көрсетілгендей, ҚР автомобиль көлігі туралы заңына сай, 7-15 жас аралығындағы балаларға жеңілдік міндетті түрде жасалуы керек. Егер 1 шілдеден бастап аталған жеңілдік алынып тасталатын болса, қала әкімдігі келісім бұзылғанын мәлімдейді.