Өскеменде бақшасын есірткі алқабына айналдырған зейнеткер ұсталды

0
1 059

Сараптама қорытындысы тәркіленген өсімдіктің апиын дайындайтын көкнәр екенін көрсетті.


Өскеменде бақшасын есірткі алқабына айналдырған зейнеткер ұсталды

ERNUR.KZ. Өскеменнің тұрғыны бақшасын есірткі алқабына айналдырып жіберген, деп жазады altaynews.kz.

Шығыс Қазақстан облыстық Полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының қызметкерлері «Көкнар-2019»операциясы барысында Өскемен қаласының бірнеше рет сотты болған қарт тұрғынын есірткі екті деген күдікпен ұстаған.

«Күдіктінің ауласынан 126 түп көкнәр тәркіленді. Сараптама қорытындысы тәркіленген өсімдіктің апиын дайындайтын көкнәр екенін көрсетті. Тәртіп сақшылары оның үстінен ҚР Қылмыстық кодексінің 300-бабы, 2-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғап, сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр», - делінген департаменттің бапасөз қызметі таратқан ақпаратта.

Жалпы «Көкнар-2019» жедел операциясының аясында облыс аумағында заңсыз есірткі айналымына қатысты 170 құқық бұзушылық анықталған. Оның ішінде есірткілік шөптер өсірудің 12 фактісі анықталған. Заңсыз айналымнан 77 келіден астам есірткі тәркіленген.