21 сәуір күні полицияға 72 жастағы әйелдің мәйіті табылғаны туралы хабарлама түскен.
Фото: Денис Данилевский/Facebook
ERNUR.KZ. Сәуірдің 21-іне қараған түні Өскеменде "Авиценна" дәрігерлік амбулаториясының бас дәрігері, қалалық мәслихаттың бұрынғы депутаты Клавдия Кимді өз саяжайында өлтіріп кетті, деп жазады stan.kz.
Yk.kz порталының мәліметінше, 21 сәуір күні полицияға 72 жастағы әйелдің мәйіті табылғаны туралы хабарлама түскен. Марқұмның денесінен зорлық-зомбылық белгілері анықталған. Облыстық полиция департаменті осы факті бойынша адам өлтіру бабымен қылмыстық іс қозғалды. Күдіктінің жеке басы анықталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.
“Бұл жантүршігерлің жағдай 20-сынан 21 сәуірге қараған түні, дәл Пасха мерекесінде болған. Клавдия Ким қаладағы өз саяжайында қастандықпен өлтірілген. Кеше марқұммен қоштасу рәсімі өтті, оған жүздеген адам келіп, Клавдия Кимге соңғы рет құрмет көрсетті”, – деп жазды Өскемен қалалық мәслихатының бұрынғы депутаты Денис Данилевский өзінің Facebook парақшасында.
Ол өзінің Клавдия Киммен 1999-2003 жылдары екінші шақырылымдағы мәслихат депатуаты болғанын атап өтті.
“Не үшін өлтірді? Ол кімнің жолын кесіп кетті? Керемет дәрігер, ұйымдастырушы, басшы кімге кедергі келтірді? Қылмыстың ресми түрде мән-жайын білмейміз. Бейресмм ақпаратқа сәйкес, марқұмға бірнеше рет пышақ жарақатын салған. Қылмыс Клавдия Ким үйінде жалғыз қалғанда жасалған. Қарт адамның өмірін қию неге керек болды екен? Әлде 90-жылдар қайталанып жатыр ма”, – делінген жазбада.
Журналист марқұмды мейірімді, сабырлы, білікті болғанын айтып, еске алды.