Төтенше жағдай су электр станциясының маңайында болған. Жағада тұрған екі теплоход өртке оранды, екеуін де дәмхана ретінде пайдаланған.
ERNUR.KZ. Өскемен қаласында жағада тұрған екі теплоход пен дебаркадер жанып кетті, деп жазады sputnik.kz.
"Өрт сөндірушілер жағада тұрған екі теплоход пен дебаркадердің жанып жатқанын көріп, бірден өртті өшіруге кірісті. Тілсіз жау 50-60 шаршы метрге шарпыды. Екі теплоходты дәмхана ретінде пайдаланған", - дейді құтқарушылар.
Қазіргі кезде өрттің себебі анықталып жатыр. Шұғыл штабтың мамандары тексерісті бастады.
Әзірше, қайтыс болған және зардап шеккен адамдар туралы ақпарат жоқ.