Қала тұрғынының не себепті ондай қадамға бармақ болғаны әзірге белгісіз.
ERNUR.KZ. Өскемен қаласында фельдшер Аяулы Сейсағатова 9-қабаттан секірмек болған әйелді құтқарып қалды. Бұл туралы ШҚО денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі мәім етті, деп жазады azattyq-ruhy.kz.
Департамент мәліметінше, 46 жастағы әйел адамның подъезде өзін біртүрлі ұстап жүргенін көрген көршілері жедел жәрдемге хабарласқан.
Көпқабатты үйге дәрігер Ермұхамет Дикенов пен фельдшер Аяулы Сейсағатова келіп жетті.
Олар әйел адамның тоғызыншы қабаттан секірейін деп тұрғанын көрген.
«Шұғыл әрекет еткен Аяулы әйелді шап беріп ұстап, терезеден түсіріп алды. Содан кейін ол медициналық мекемеге жеткізілді», - делінген ақпаратта.
Қала тұрғынының не себепті ондай қадамға бармақ болғаны әзірге белгісіз. Қазіргі уақытта әйел адаммен мамандар жұмыс жүргізіп жатыр.