Өскеменде ірі жол апаты: жүргізуші мас болған

0
532

Апат салдарынан зардап шеккендер жоқ, бірақ жәбірленушілерге материалдық шығын келтірілген.


Өскеменде ірі жол апаты: жүргізуші мас болған

ERNUR.KZ. 23 мамырда Өскеменде Крылов көшесіндегі аулада көлік екі адамды қағып кете жаздап, тағы бір көлікке соқтығысқан, деп жазады tengrinews.kz.

"Жол-көлік оқиғасына кінәлі 30 жастағы жүргізуші Toyota автокөлігін тізгіндеген. Оның көлік жүргізуге құқығы болмаған. Сонымен қатар, ер адам мас болған. Toyota жүргізушісі Lexus көлігімен соқтығысқан. Кейін бұл көлік Volkswagen-мен соқтығысқан, ал ол маңында тұрған Mazda автокөлігіне соқтығысқан, - деді ШҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметі өкілі.

Апат салдарынан зардап шеккендер жоқ, бірақ жәбірленушілерге материалдық шығын келтірілген.