Өскеменде көпқабатты үйде болған жарылыстың алдын ала себебі анықталды

0
509

​Үй иесі жұмысшыны хабарландыру арқылы тапқан.


Өскеменде көпқабатты үйде болған жарылыстың алдын ала себебі анықталды

ERNUR.KZ. Өскемен қаласында бес қабатты үйде болған жарылыстың алдын ала себебі анықталды, деп жазады sputnik.kz.

30 мамырда Славский жағалауы көшесіндегі бесінші үйдің 1-қабатында жарылыс болды. Салдарынан бірінші қабаттан бесінші қабатқа дейінгі пәтерлердің терезесі сынған.
Сондай-ақ, пәтер ішінде және іргелес пәтерлердің бөлмеаралық қабырғалары, бірінші қабаттағы кіреберіс есік зақымданды. 33 жастағы ер адам ауыр халде ауруханаға жеткізілді.
Ресми мәліметке сәйкес, пәтерде жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан. Үй иесі жұмысшыны хабарландыру арқылы тапқан.
Алдын ала болжам бойынша ер адам жөндеу жұмыстарын жасап жүргенде газ құбырын кескен.