Әйелге 13 қарашада полиция іздеу жариялаған.
ERNUR.KZ. Өскемен қаласында полиция іздеу жариялаған әйел Ертіс жағалауындағы парапеттен құлап көз жұмды, деп жазады inform.kz.
16 қараша күні қала тұрғындары Ертіс жағалауындағы парапеттен құлап кеткен әйелді байқап, құтқарушылар мен жедел жәрдемге хабар берген.
«ТЖД қызметкерлері оны зембілге салып көтеріп, медицина қызметкерлеріне тапсырды. Алғашқы көмек көрсетілгеннен кейін жәбірленуші ауруханаға жеткізілді», деп хабарлады Шығыс Қазақстан облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.
Алайда ол ауруханада көз жұмған. Анықталғандай, бұл әйелге 13 қарашада полиция іздеу жариялаған. Қала тұрғыны жұмысқа кетіп, сол күйі үйіне оралмаған.