Өскеменде полиция қызметкері жаяу жүргіншіні қағып, мерт қылды

0
321

Жәбірленуші оқиға орнында көз жұмды.


Өскеменде полиция қызметкері жаяу жүргіншіні қағып, мерт қылды

ERNUR.KZ. Өскемен қаласында полиция қызметкері қағып кеткен адам көз жұмды, деп жазады inbusiness.kz.

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, оқиға қаладағы Малая объездная көшесінде болған.

"Полиция қызметкері ВАЗ 21140 маркалы жеке көлігін басқарып келе жатып, жолды рұқсат етілмеген жерден кесіп өтіп бара жатқан жаяу жүргіншіні қағып кетті. Жаяу жүргінші алған жарақаттарынан сол жерде қаза болды", - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Қазіргі уақытта аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Тиісті сараптамалар тағайындалған.