Өскеменде сауда үйіне бомба қойылғаны туралы жалған хабар берген адам сотталды

0
668

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 273-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп, іс сотқа жолданған.


Өскеменде сауда үйіне бомба қойылғаны туралы жалған хабар берген адам сотталды

ERNUR.KZ. Өскемен қаласында сауда үйіне бомба қойылғаны туралы жалған хабар берген ер адамның бас бостандығы 3 жылға шектелді, деп жазады ҚазАқпарат.

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, «102» жедел арнасына қоңырау шалған жігіт қаланың сауда үйлерінің біріне бомба қойылғанын хабарлаған. Дереу оқиға орнына арнайы мамандар келіп жетті. Алайда тексеруден кейін ақпараттың жалған екендігі анықталды.

«Тәртіп сақшылары күдіктіні жедел ұстады. Ол Өскемен қаласының 21 жастағы тұрғыны болып шықты. Куәландыру нәтижесіне сәйкес, оның орташа дәрежедегі мас күйде екендігі белгілі болды», - делінген ақпаратта.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 273-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп, іс сотқа жолданған. Қалалық соттың үкімімен айыпталушының 3 жылға бас бостандығы шектелді.