Өскеменде саябақта ойнап жүрген 7 жасар қызды ит қауып алды

0
523

Полиция үй жануарының иесін іздестіріп жатыр.


Өскеменде саябақта ойнап жүрген 7 жасар қызды ит қауып алды

ERNUR.KZ. Өскеменде белгісіз ер адамның қарғыбаусыз және тұмылдырықсыз жүрген иті жеті жасар қызды қауып алды. Бала ауруханаға жеткізілді, деп жазады sputnik.kz.

Оқиға Аблакетка ауданында болған. Иттің шабуылы туралы ақпарат әлеуметтік желіде тарады.
"Аблакетка тұрғындарына үндеу жасағым келеді. Саябақта ер адам ақ итімен бірге серуендеп жүрген. Иттің мойнында қарғыбауы болды. Біздің балалар да сол маңда ойнап жүр еді. Бір кезде ер адам итін қарғыбаудан босатқанда, ол балаларға тап беріп, менің қызымды тістеп алды. Ер адам итін қарғыбауға қайта байлап, түк болмағандай кетіп қалды. Иттің иесін табуға көмектесіңіздерші", - деп жазды зардап шеккен қыздың анасы.
Жарақат алған қыз ауруханаға жеткізілген. Ата-анасы полицияға шағымданды.
"5 қарашада қала тұрғыны түскі 14:00 шамасында Физкультурная көшесіндегі саябақта итін қарғыбаусыз және тұмылдырықсыз серуендеткен белгісіз ер адамға қатысты шара қабылдауды сұрады. Ит оның 7 жасар қызын қауып алған", - деп хабарлады ШҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Тәртіп сақшылары үй жануарының иесін анықтау бойынша іздестіру шараларын жүргізіп жатыр.