Бір баланың денесін күйік шалған.
ERNUR.KZ. Өскеменде жанармай құю станциясы жанында жарылыс болды. Оқиға салдарынан 42 жастағы ер адам қаза болып, бір баланың денесі күйіп қалды, деп жазады Azattyq Ruhy.
Оқиға 28 шілде күні сағат 08.52-де Өскеменде Промышленная көшесіндегі жанармай құю орнында болған.
«Жанармай құюға арналған бөшкелерді тазалау кезінде ауа қосындысы жарылды. Соның салдарынан 12 жастағы жеткіншектің денесін термиялық күйік шалды. Қазіргі уақытта ол ауыр халде ауруханаға жеткізілген. Оқиға орнына шұғыл келген ТЖД құтқарушылары бөшке ішінен 42 жастағы ер адамның денесін алып шықты», - делінген хабараламада.
Алдын ала мәліметке сәйкес ер адам резервуарды тазалаған. Оған 12 жастағы туысы көмектескен. Жазатайым оқиғаның себебі анықталып жатыр.