Туыстарының айтуынша, оның ұялы телефоны өшірулі.
Фото: Instagram/Volontery_uka_lider.kz_
ERNUR.KZ. 12 қараша күні таңертең Анель Ерік үйінен шығып, «Металлург» саябағы ауданынан белгісіз бағытқа кеткен. Сол күннен бері ол үйіне оралмаған, деп жазады azattyq-ruhy.kz.
Қыздың үстінде қара футболка, жасыл жейде, қара шалбар және етік болған. Туыстарының айтуынша, оның ұялы телефоны өшірулі.
«Сол күні 102 нөміріне Өскемен қаласының тұрғыны Ерік Анель Рауанқызының (2005 жылы туған) жоғалғаны туралы хабарланды. Қазіргі уақытта іздестіру жұмыстары жүргізіліп жатыр», – деп хабарлады ШҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі.